Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
19-5-бап. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына көлiктiк бақылау жүргiзудiң нысандары



Ст. 19-5 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезiнде рұқсат беру жүйесiнiң талаптарының орындалуы көлiктiк бақылау посттарында мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжаттарының болуын;

2) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттардың болуын;

3) жол жүру маршрутының халықаралық қатынастары үшiн белгiленгенге сәйкестiгiн;

4) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

5) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсаттың болуын тексеру арқылы жүргізіледі.

2. Тасымалдаушылардың автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң еңбегi мен тынығуы режимiн сақтауын көлiктi бақылау посттарда тахографтың болуын және оны пайдаланылуын тексеру, сондай-ақ жүргізушілердің еңбегi мен тынығуы режимiн бақылаудың тiркеу парақтарын жүргiзу жолымен жүргiзiледi.

3. Көлік құралдарының нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін тексеру және олардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген, жол берілетін параметрлерден асып кету шамасын айқындау арқылы ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуін көліктік бақылау мыналарды:

1) өлшеу құралы мен көлем шеңберлерін;

2) стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығын немесе жылжымалы мобильді таразыларды;

3) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

Ескерту. 19-5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...19-3 19-4 19-5 19-6 19-7 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-5-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476