Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
24-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру



Ст. 24 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушылар отырғызуына тыйым салынады.

2. Тұрақты емес республикаішілік қатынаста тасымалдау кезінде жолаушылар мен багажды тасымалдау шарты тапсырыс беруші мен тасымалдаушы арасында екі данада – тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жазбаша нысанда жасалады. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының талап етуі бойынша тасымалдаушы осы шарттың көшірмесін ұсынуға міндетті.

Бұл ретте шартта:

1) шарттың мәні;

2) сапардың мақсаты;

3) жүріс маршруты, жолаушыларды отырғызу мен түсірудің бастапқы және соңғы пункттері;

4) жеткізу мерзімі;

5) кіре ақысы;

6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;

7) шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі;

8) дауларды шешу тәртібі;

9) жолаушылар тізімінің болуы көзделуге тиіс.

 Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 24-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476