Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
26-бап. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру



Ст. 26 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастар алдында жергілікті атқарушы органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

2. Таксимен тасымалдаушылар:

1) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдау үшiн түсі біркелкі және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға;

2) әрбiр автокөлiк құралы үшiн таксометрдің немесе бақылау-кассалық аппаратының болуына;

3) автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, такси жүргiзушiлерінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін қамтамасыз етуге;

4) ақпараттық-диспетчерлік қызметтің немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсету жөніндегі шарттың болуын қамтамасыз етуге;

5) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге;

6) такси салонында такси қызметінің құны (бағасы) туралы ақпаратты орналастыруға;

7) отыз және одан да көп такси болған кезде әрбір отыз таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектерді тасымалдау үшін ыңғайластырылған кем дегенде бір таксиінің болуына;

8) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

Таксимен тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттерді атқарады.

3. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының:

1) такси тұрағы, жолаушыларды отырғызу және түсiру үшiн арнайы жабдықталған такси тұрақтарын пайдалануға;

2) жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуды және түсiруді жүргізуге;

3) жергілікті атқарушы органдарға арнайы жабдықталған такси тұрақтарын ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар.

Таксимен тасымалдаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бap.

4. Таксимен тасымалдаушы болып табылмайтын өзге тұлға құратын ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі таксимен тасымалдаушылар тізіліміне енгізілген таксимен тасымалдаушылармен ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету бойынша шарт жасасады және таксимен тасымалдаушы осы баптың 2-тармағының 3), 5) және 8) тармақшаларының талаптарын орындаған кезде өз қызметтерін көрсетеді.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2-санатты стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.

6. Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау қызметі осы Заңның талаптарына, Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...24 25 26 27 27-1 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476