Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль көлiгi туралы
25-бап. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау



Ст. 25 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476



1. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдау кемiнде екi есiгi бар, техникалық жай-күйi Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн автобустармен жүзеге асырылады.

2. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға арналған автобустар сары түстi шұғылалы шырақшамен жабдықталуға тиiс.

3. Бұл автобустардың алдына және артына "Балалар тасымалы" деген тану белгiсi орнатылуға тиiс.

4. Ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға жасы кемiнде жиырма бестегi, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс стажы бap жүргiзушiге рұқсат етiледi.

5. Екi және одан көп автобус колонналарына жол жүрісі қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi орган көздеген тәртiппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның арнаулы автомобильдерi iлесiп жүруге тиiс.

Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...55 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 25-бап Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476