Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Автомобиль жолдары туралы
29-бап. Ұлттық оператордың құқықтық жағдайы



Ст. 29 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



1. Ұлттық оператордың қызметі осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ өзінің ішкі құжаттарымен реттеледі.

2. Ұлттық оператордың мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалыптастырылады.

3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау, оларда ақылы қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ жол сервисі объектілерін дамыту мақсаттарында Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздерін тартуға және пайдалануға құқылы.

4. Мемлекеттік тапсырманы орындау және тартылған инвестициялар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау сапасына Ұлттық оператор жауапты болады.

 Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...26 27 29 30 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245