Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Автомобиль жолдары туралы

Автомобиль жолдары туралы
5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату және тоқтата тұру



Ст. 5-3 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245



1. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтату автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

2. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру соғыс немесе төтенше жағдай кезеңінде, сондай-ақ экологиялық, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған жағдайларда белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.

3. Ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдалануды тоқтата тұру туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап қабылдайды.

Ескерту. 1-тарау 5-3-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...5-1 5-2 5-3 6 7 ...30 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-3-бап Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245