Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
10-бап. Авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау

Ст. 10 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі салаларындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы нысанасына жүзеге асырылады. 

2. Азаматтық, эксперименттік және мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар жүзеге асырады. 

3. Ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу тəртібін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган айқындайды. 

4. Азаматтық және эксперименттік авиацияның қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай нысанда: 

1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тексерулерді қоспағанда, жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын азаматтық авиация ұйымдарын тексерулер; 

2) жеке және заңды тұлғалардың осы Заңмен жүргізу тәртібі айқындалатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру; 

3) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін байқауды және талдауды қамтитын, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырады. 

5. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында байқау және талдау, осы Заңның талаптарына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жеке және заңды тұлғалар берген ақпарат, құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады. 

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексерулері мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша қорытынды құжаттар (актілер, инспекторлық нұсқамалар) жасалуы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...8 9 10 10‑1 10‑2 ...111

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV