Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
53-бап. Авиация персоналының сыныптамасы



Ст. 53 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV



1. Авиация персоналы авиация түрлерiне тиесілігіне қарай азаматтық, мемлекеттiк және эксперименттік авиация персоналы болып бөлiнедi.

2. Азаматтық, мемлекеттiк және эксперименттік авиация персоналы лауазымдарының тiзбелерi азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен бұйрығымен белгіленеді. 

3. Азаматтық авиацияның авиация персоналы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын сақтауға міндетті.

Статья 1 ...51 52 53 54 55 ...111 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 53-бап Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV