Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы
7-бап. Уәкiлеттi органның басшысы



Ст. 7 Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы



1. Уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

2. Басшы шешiмдердi өз өкiлеттiгi шегiнде дербес қабылдайды және уәкiлеттi органның қызметi үшiн жеке өзi жауап бередi.

3. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес:

1) уәкiлеттi органға басшылықты жүзеге асырады;

2) барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда уәкiлеттi органның атынан өкiлдiк етедi;

3) қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының және ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өз орынбасарларының, қаржы полициясы органдары бөлiмшелерiнiң, оқу орындарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы басқа мекемелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi;

5) өз өкiлеттiгi шегiнде қаржы полициясы органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттi түрде орындауына жататын бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

6) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен штат санының лимитi шегiнде қаржы полициясы органдары бөлiмшелерi мен оқу орындарының құрылымын және қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары туралы ережелердi бекiтедi;

7) Қазақстан Республикасының мiндеттi арнайы тексеруден өткен азаматтарын қаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, арнайы атақтар бередi;

8) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) әдетте, орынбасарлар, бөлiмшелер басшылары және өзге де лауазымды адамдар арасынан алқаның сан және жеке құрамын бекiтедi, сондай-ақ алқа отырыстарын әзiрлеу мен өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 76 Заңымен. 3-тарау. ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ  

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы