Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерi

Ст. 79 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.04.2018
1. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiне ғылыми ынта туғызатын және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бiрегей қасиеттерiмен (шығу тегiнiң тарихымен, тiршiлiк ұзақтығымен, дiңiнiң, ұшарбасының пiшiмiмен және көлемiмен, гүлдерiнiң, жемiстерiнiң және тұқымдарының мөлшерiмен, басқа қасиеттерiмен) сипатталатын ағаштардың, бұталардың және шөп тектес өсiмдiктердiң табиғи ортада немесе жасанды жағдайларда кездесетiн дара даналары және (немесе) жекелеген топтары жатады. 

2. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiн мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ретiнде бөлу, жерге орналастыру, орман орналастыру, қала құрылысы жұмыстары кезiнде жүргiзiледi. 

3. Мемлекет ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiн қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi болып жарияланған ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей дара объектiлерiн қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 

17-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР ЖҮЙЕСIМЕН
БАЙЛАНЫСТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIНIҢ ЭЛЕМЕНТТЕРI

Статья 1 ...77 78 79 80 81 ...85

Перейти к статье






Добавить комментарий к 79-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175