Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiмен байланысты экологиялық желiнiң элементтерi ұғымы



Ст. 80 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175



1. Өздерiнiң экологиялық жүйелерiнiң жай-күйi және өздерiнiң орналасуы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiмен байланысты және ел аумағының табиғи және мәдени ландшафтардың орнықтылығын, биологиялық саналуандығын сақтауды қамтамасыз ететiн кеңiстiк тұрғысынан алғанда өзара байланысып тұратын жер, су бетi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi учаскелерiнiң жиынтығын бiлдiретiн табиғи кешендер экологиялық желiнiң элементтерi болып табылады.

2. Экологиялық желiнiң элементтерiне сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жер учаскелерi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетiлетiн аймақтары, экологиялық дәлiздер, мемлекеттiк орман қоры, су қорғау аймақтары, су объектiлерiнiң алаптары және басқа да табиғи объектiлердiң қорғалатын учаскелерi, соның iшiнде аң аулау алқаптары жатады.

3. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы мемлекеттiк орман қорының жер учаскелерiн, су қорғау аймақтары мен су объектiлерiнiң алаптарын, аң аулау алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын белгiлеу мен пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен реттеледi.

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...85

Перейти к статье







Добавить комментарий к 80-бап Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175