Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 225 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер

1. Егер: 

1) адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру; 

2) тану үшiн көрсету; 

3) сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу; 

4) іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етiлгенде, адамның мәйiтiн жерленген жерiнен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі. 

2. Эксгумация сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сот санкциялаған уәжді қаулысы негізінде жүргiзiледi. Эксгумацияның жүргізілетіні туралы қайтыс болған адамның туыстарының біреуі хабардар етіледі. 

Эксгумациялау туралы қаулы адам жерленген жердің әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi болып табылады.
Статья 1 ...223 224 225 226 227 ...674

Перейти к статье






Добавить комментарий к 225-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V