Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
110-бап. Су қоймаларын пайдалану



Ст. 110 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су қоймалары жер үстiндегi ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.  

2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.  

3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.  

4. Су қоймаларын пайдалану тәртiбi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.  

5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткiзу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.  

6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.  

7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.

Статья 1 ...108 109 110 111 112 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 110-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481