Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Су Кодексi
130-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi



Ст. 130 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:

1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;

2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;

3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;

4) мiндеттi мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылық қызметтi және жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.

Статья 1 ...128 129 130 131 132 ...146 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 130-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481