Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Су Кодексi

ҚР Су Кодексi
92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері



Ст. 92-12 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481



1. Су тұтынушының баланстық тиесілікті бөлу шекарасынан су бөлу және санитариялық-техникалық аспаптардан су бұру жүйесіне сарқынды суларды шығару нүктелеріне дейінгі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтері су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жатады және оларға өз күшімен, сондай-ақ шарт негізінде қызмет көрсетіледі. 

2. Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қондырғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

Ескерту. 16-тарау 92-12-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...92-10 92-11 92-12 92-13 93 ...146 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 92-12-бап ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481