Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 110 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
110-бап. Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы

1. Әкімшілік істер бойынша сот талқылауы соттарда, осы Кодекстің 23-тарауындағы тәртіппен қаралған әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қоспағанда, ауызша жүргізіледі. 

Әкімшілік істер бойынша дәлелдемелер сот талқылауында тікелей зерттелуге жатады. Сот тараптардың және әкімшілік процеске басқа да қатысушылардың түсініктемелерін, куәлар мен сарапшылардың айғақтарын тыңдауға, заттай дәлелдемелерді қарап-тексеруге, жазбаша дәлелдемелермен және өзге де құжаттармен танысуға, дыбысжазбаларын тыңдауға және бейнежазбаларды, кино-, фотоматериалдарды қөруге, өзге де ақпарат жеткізгіштердегі материалдармен танысуға, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеу бойынша басқа да әрекеттерді жасауға тиіс.  

Ерекше жағдайларда әкімшілік процеске қатысушылардың ауызша айғақтарын (түсініктерін) тікелей тыңдау мүмкін болмаған кезде сот олардың әкімшілік рәсім барысында алынған айғақтарын (түсініктерін) жария етуге құқылы. 

2. Қажет болған жағдайларда әкімшілік іс бойынша дәлелдемелерді зерттеу кезінде сот маманның консультациялары мен түсініктерін тыңдайды. 

3. Әкімшілік процестің тараптарының, басқа да қатысушыларының түсініктемелерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың, мамандардың қорытындыларын тыңдауды сот бейнеконференц-байланыс арқылы жүзеге асыруы мүмкін. 

4. Әкімшілік іс бойынша түпкілікті шешімдер, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды қоспағанда, тікелей сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделуі мүмкін.
Статья 1 ...108 109 110 111 112 ...175

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться