Ст. 34 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
34-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің шығыстары
1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
4) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
5) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
6) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
8) елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
9) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;
10) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау;
11) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау;
12) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
13) жергілікті деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
14) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
15) ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;
16) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын органдар жоқ кенттерде, ауылдарда және ауылдық округтерде азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызметті ұйымдастыру;
17) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жайылымдарды сақтау және жақсарту, жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
18) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке берілетін трансферттер;
19) жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен осы баптың 1-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, кадрларын қайта даярлау мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;
2) бюджеттік инвестицияларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзге де мемлекеттік көсетілетін қызметтеріне, функцияларына, құзыреттері мен өкілеттіктеріне арналған шығыстар да қаржыландырылады.
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ 8-тарау. ОСЫ КОДЕКСТІҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ
Лучшие юристы
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей