< ҚР Бюджет кодексi

Ст. 86 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
86-бап. Республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу

1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу үшін республикалық бюджеттің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына қарауға ұсынады. 

3. Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылады. 

Түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады.  

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда шартсыз базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады, ал жаңа бастамаларға арналған шығыстар бір бюджеттік бағдарламада көрсетіледі.  

"Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады. 

4. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде мыналар қамтылуға тиіс: 

кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдоның көлемдері, бюджет тапшылығының (профицитінің), мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері; 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған жалақының, зейнетақының ең төмен мөлшерлері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төмен күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерлері; 

мемлекеттің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері; 

жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін арттыру мөлшерлері; 

жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда айқындалған, жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемдері; 

жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заңда айқындалған, республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері; 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында айқындалған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің көлемі; 

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің мөлшері;  

Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің мөлшері; 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті; 

экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті; 

үкіметтік борыштың лимиті; 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті; 

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті; 

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимиті және сыртқы қарыздарды тарту құқығы берілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесі; 

жергілікті атқарушы органдар борыштарының лимиттері; 

жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері; 

басқа да ережелер. 

5. Республикалық бюджет туралы заң жобасына: 

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі. 

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша жазылады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша жазылады. "Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)" бөлімі жалпы сомамен ұсынылады; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін, кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемдері; 

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі; 

4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде бюджеттік бағдарламалар паспорттарының нысаналы индикаторлары мен түпкілікті нәтижелерінің тізбесі; 

5) басқа да деректер қоса беріледі. 

6. Республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) және мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшерлері ақшалай мәнде және жалпы ішкі өнімге пайызбен көрсетіледі.  

7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заң жобасын ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады. 

Республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қарайды.

Статья 1 ...84 85 86 87 88 ...172
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться