Ст. 91 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
91-бап. Жергілікті бюджет жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер
1. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихатқа енгізеді.
2. Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының жобасын;
4) шығыстарға шолуды, оны жүргізу қорытындысы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бекітілген даму жоспары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
6) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты;
7) кірістерді бөлу нормативтері жөніндегі ақпаратты;
8) есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне борыш түрлері бойынша жергілікті атқарушы орган борышының ағымдағы жай-күйі, жергілікті атқарушы органның борышын өтеу есебіне төленген ақша сомалары және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелері бойынша төленген ақша сомалары туралы мәліметтерді;
9) жергілікті атқарушы орган есепті екі қаржы жылындағы және ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне түрлері мен нысандары бойынша тартқан қарыздар туралы деректерді;
10) қарыздардың түрлері, алынған көздері, шарттары бөлінісінде жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу жөніндегі ақпаратты;
11) жергілікті бюджеттің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
Түсіндірме жазбаға:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторлары мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеуі туралы біріктірілген жиынтық ақпарат;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін қажетті сома мен түпкілікті нәтижеге (түпкілікті нәтижелерге) қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген сома айырмасына жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделмеген, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мәлімдеген шығыстардың көлемі туралы ақпарат енгізіледі;
12) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мыналарды:
есеп-қисаптары жоқ бюджеттік сұранымды;
жергілікті бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің іс-шаралар жоспарларын (іс-шаралар жоспарларының жобаларын) немесе даму жоспарларын (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларының жобаларын);
мынадай:
есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;
ағымдағы жағдайдың, орын алып отырған проблемалардың қысқаша сипаттамасы;
жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, мақсаттар мен жоспарланатын нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жоспарланатын бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нысаналы индикаторлар мен түпкілікті нәтижелердің сәйкес келмеу себептерінің сипаттамасы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарымен және нысаналы индикаторларымен өзара байланыстырылған бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген нысаналы индикаторлар мен жоспарланатын түпкілікті нәтижелердің сипаттамасы;
бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы;
алдыңғы қаржы жылдарында бөлінген және пайдаланылған шығыстардың сомалары көрсетіле отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары шеңберінде осы Кодекстің 148-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған бюджет жобасына енгізілген, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын, басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалар туралы ақпарат бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарын ұсынады.
3. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін тиісті мәслихат Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде бекітеді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың жекелеген шешімдерімен бекітуге жол беріледі.
4. Егер мәслихат осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы немесе шешім шығарады, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.
Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерді, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекіту туралы аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттар шешімдер қабылдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың бюджеттерін, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
7. Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қосымшаларымен бірге және жергілікті атқарушы органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) қосымшаларымен бірге осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
Лучшие юристы
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей