Ст. 92 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
92-бап. Өкілді органдардың республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы Қазақстан Республикасы заңының жобасын немесе облыстық мәслихат шешімінің жобасын бекітуі туралы жалпы ережелер
1. Бюджеттердің жобаларын қарау кезінде өкілді органдар мынадай қағидаттарды:
1) ұсыныстардың негізділігі қағидатын;
2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау қағидатын ұстанады.
Ұсыныстардың негізділігі қағидаты депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есеп-қисаптар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар паспорттарында көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.
Бюджеттің теңгерімділігін сақтау қағидаты депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе әкімнің оң қорытындысы бар, жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдеріне өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы депутаттардың ұсыныстары жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер ретінде жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасына немесе облыстық мәслихат шешімінің жобасына енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында республикалық бюджеттің жобасын талқылауда:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының ақша-кредит саясаты жөніндегі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, мемлекеттік қаржының жай-күйі, мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару және республикалық бюджет туралы заң жобасы жөніндегі;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы жөніндегі қорытындыларымен қоса баяндамалары қамтылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының жұмыс топтары мен тұрақты комитеттерінің отырыстарында республикалық бюджет жобасын талқылауда:
орталық мемлекеттік органдар басшыларының мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жоспарланған нысаналы индикаторлары және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелер туралы;
республикалық бюджет жобасында бюджет қаражаты көзделген квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының іс-шаралар жоспарларының немесе даму жоспарларының жоспарланған нысаналы индикаторлары туралы;
республикалық бюджет жобасында заңды тұлғаларға берілетін трансферттер көзделген ұйымдар басшыларының даму жоспарларының, іс-шаралар жоспарларының, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларының жоспарланған нысаналы индикаторлары туралы баяндамалары қамтылады.
4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен Сенатының жалпы отырыстарында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын талқылауда:
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген адамның (адамдардың) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасы жөніндегі, оның ішінде жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемдері туралы;
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы жөніндегі қорытындыларымен қоса баяндамалары қамтылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының жұмыс топтары мен тұрақты комитеттерінің отырыстарында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы заң жобасын талқылауда:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) жергілікті бюджет шығындарының көлемдері жөніндегі;
орталық мемлекеттік органдардың басшылары – республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы шығындардың, оның ішінде күрделі шығындардың болжамды көлемдері және жалпы сипаттағы нысаналы трансферттер көлемдеріндегі дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдері туралы баяндамалары қамтылады.
5. Тиісті мәслихат сессиясында жергілікті бюджет жобасын талқылауда:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті бюджет жобасы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөніндегі;
мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджет жобасы жөніндегі қорытындысымен қоса баяндамалары қамтылады.
6. Облыстық мәслихат сессиясында жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасын талқылауда:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері жөніндегі;
мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімінің жобасы жөніндегі қорытындысымен қоса баяндамалары қамтылады.
7. Тиісті мәслихат сессиясында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын талқылауда:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобалары жөніндегі;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобалары жөніндегі қорытындысымен қоса баяндамалары қамтылады.
8. Тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында жергілікті бюджет жобасын талқылауда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері басшыларының жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелері туралы баяндамалары қамтылады.
Лучшие юристы
Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей