Ст. 103 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
103-бап. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы хабарлама
1. Сараптаманы ұйымдастырушының қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы хабарламасы жіберілген жағдайда, ол жүзеге асырылады. 2. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы хабарламаны оны ұйымдастырушы аумағында экологиялық сараптама объектісінің қызметі белгіленіп отырған жергілікті атқарушы органдарға береді.
3. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу туралы хабарламада мыналар көрсетілуге тиіс:
1) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында көзделген қызметтің сипаты;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманың сараптама комиссиясының құрамы туралы мәліметтер;
4) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі туралы мәліметтер;
5) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің жиырма бес жұмыс күнінен асыруға болмайтын мерзімі.
4. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізуге, егер:
1) бұрын осы объектіге қатысты қоғамдық экологиялық сараптама екі рет жүргізілген болса;
2) қоғамдық экологиялық сараптаманың объектісі мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтыса;
3) қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғысында осы коммерциялық емес ұйымның қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметі көзделмесе, жол берілмейді.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей