< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 170 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Экологиялық кодексi
170-бап. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – Кадастрлардың бірыңғай жүйесі) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетін бірыңғай жалпымемлекеттік кешенді есепке алу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік кадастрларының барлық түрін біріктіретін салааралық ақпараттық жүйе ретінде құрылады және жүргізіледі. 

2. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығын білдіреді және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыс істейді. 

3. Қоршаған ортаның өзара әрекеттестіктегі жер, су, орман, топырақ, жер қойнауы, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі сияқты құрамдас бөліктері Кадастрлардың бірыңғай жүйесінің объектілері болып табылады. 

4. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи ресурстардың тиісті түрлерінің мониторингін жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, табиғи ресурстардың жай-күйі мен пайдаланылуын есепке алу деректері негізінде ұйымдастырады. 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы Бірыңғай кадастрлар жүйесін жүргізуді жүзеге асырады. 

Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

5. Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларының жүйелерінде географиялық байланысы мен ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, әрбір есептік кадастрлық объектіге арналған оның жай-күйі туралы құжаттық мәліметтер цифрлық түрде қамтылады. 

6. Кадастрлардың бірыңғай жүйесін жүргізудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 

1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен беру технологиясының бірлігі; 

2) автоматтандырылған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; 

3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтілігі; 

4) Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараттан басқа кадастрлардың бірыңғай жүйесінде қамтылған ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігі. 

Ескерту. 170-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...168 169 170 171 172 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?



8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная






Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться