Ст. 203 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
203-бап. Жол берілетін шығарындылардың нормативтерін сақтау мониторингі
1. Стационарлық көздің және (немесе) стационарлық көздер жиынтығының жол берілетін шығарындыларының нормативтерін сақтаудың және олардың атмосфералық ауа сапасына ықпалының мониторингі осы Кодекстің талаптарына және экологиялық рұқсатта белгіленген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Стационарлық көздің және (немесе) стационарлық көздер жиынтығының жол берілетін шығарындыларының нормативтерін сақтау мониторингі мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдердің бекітілген тізбесіне сәйкес өлшеу арқылы жүзеге асырылады. Өлшеу арқылы мониторинг жүргізу мүмкін болмаған кезде есептік әдісті қолдануға жол беріледі.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда, І санаттағы объектілерде жол берілетін шығарындылардың нормативтерін сақтау мониторингі қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде пайдалану арқылы да қамтамасыз етіледі.
3. Атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтау мониторингі экологиялық рұқсатта белгіленген бағалау нүктелерінде жүзеге асырылады.
4. Әсер ету саласы шегінде бағалау нүктелерінің орналасуы:
1) оларда ластағыш заттардың жерге жақын концентрацияларын модельдеу нәтижелері бойынша және әрбір ластағыш зат үшін тиісті орташалау кезеңі ескеріле отырып белгіленген шығарындылардың әсер етуінің ең жоғары мәніне қол жеткізілетіндей;
2) атмосфералық ауаның қазіргі бар табиғи және антропогендік фоны ескерілетіндей етіп айқындалады.
5. Бағалау нүктелерінің саны сол немесе өзге ластағыш зат үшін белгіленген орташалау кезеңіне байланысты болады және былайша айқындалады:
1) тәуліктік мәндер де (қысқа мерзімді ең жоғары әсер ету), жылдық мәндер де (ұзақ мерзімді әсер ету) айқындалған ластағыш заттар бойынша атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтау деңгейі екі тиісті нүктеде бағаланады;
2) тек жылдық мәні бар ластағыш заттар бойынша атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтерін сақтау деңгейі бір бағалау нүктесінде бағаланады.
6. Қосымша бағалау нүктелері экожүйеге және өсімдіктерге ықпал етуі бөлігінде атмосфералық ауа сапасының экологиялық нормативтері белгіленген ластағыш заттар үшін айқындалады. Мұндай экологиялық нормативтердің сақталуын бағалау нүктелері агломерациялардан кемінде жиырма километр және басқа қалалық құрылыстар мен өнеркәсіп аймақтарынан кемінде бес километр қашықтықта орнатылуға тиіс.
7. Егер әсер ету саласы шегінде қоныстану аумақтары орналасқан болса, онда қосымша бағалау нүктелері орнатылуға тиіс.
8. Бағалау нүктелерінің орналасқан жерін және санын айқындау негіздемесі экологиялық рұқсатта ұсынылуға тиіс.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей