Ст. 216 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
216-бап. Жол берілетін төгінділер нормативтері
1. Жол берілетін төгінді нормативі – экологиялық рұқсатта белгіленетін және уақыт бірлігінде төгуге барынша жол берілетін (рұқсат етілетін) сарқынды сулардағы ластағыш заттың не ластағыш заттар қоспасының көлемі (массасы) ретінде айқындалатын экологиялық норматив. 2. Жол берілетін төгінділер нормативтерінің жобасын әзірлеу тазартылған сарқынды суларды су объектісіне немесе жергілікті жер бедеріне төгуді жүзеге асыратын объектілер үшін міндетті болып табылады.
Жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды су объектісіне немесе жергілікті жер бедеріне төгуге тыйым салынады.
3. Жол берілетін төгінді нормативі әрбір ластағыш зат үшін сарқынды сулар шығарылған сайын белгіленуге тиіс.
4. Жол берілетін төгінді нормативінің шамасы судағы ластағыш заттардың базалық антропогендік фондық концентрациясы ескеріле отырып, бақылау тұстамасындағы су сапасының тиісті экологиялық нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілетін деңгейлерде айқындалады.
Судағы ластағыш заттардың базалық антропогендік фондық концентрациясы деп жол берілетін төгінді нормативтерін айқындау кезінде жүзеге асырылатын басқа көздердің төгінділеріне байланысты қолайсыз жағдайларда су объектісінің нақты бақылау тұстамасындағы ластағыш зат концентрациясының мәні түсініледі.
Жол берілетін төгінді нормативтерін белгілеу кезінде бақылау тұстамасы деп осы Кодекске сәйкес айқындалатын, су сапасының экологиялық нормативтерінің сақталуына мониторинг және бақылау жүзеге асырылатын жерүсті су объектісінің учаскесін түсінген жөн.
5. Жерасты сулары ауызсу, бальнеологиялық, техникалық мұқтаждықтар, ирригация және мал шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдаланылмайтын оқшауланған суландырылмаған жерасты белдеулеріне және жерасты су тұтқыш белдеулеріне тазартылған сарқынды суларды айдау жағдайларын қоспағанда, сарқынды суларды жер қойнауына төгуге тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда сарқынды суларды тазарту мұнай өнімдері, қалқымалы заттар және күкіртсутек бойынша бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Сарқынды суларды жер қойнауына айдау кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілмеген өзге де ластағыш заттарды төгу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері бойынша нормаланады. Ластағыш заттар концентрациясының ең жоғары көрсеткіштері қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде немесе ластағыш заттардың жол берілетін төгінділері нормативтерінің жобасында негізделеді. Осындай заттарды ластағыш заттар концентрациясының белгіленген ең жоғары көрсеткіштерінен асырып төгу нормативтен жоғары эмиссия болып есептелмейді.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мұнай өнімдері, қалқымалы заттар мен күкіртсутек бойынша тазартылмаған сарқынды суларды жерасты белдеулеріне айдауға тыйым салынады.
Лучшие юристы


Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей