< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 266 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.04.2025

ҚР Экологиялық кодексi
266-бап. Өсімдіктердің және табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарлардың гендік қорын қорғау және молықтыру кезіндегі экологиялық талаптар

1. Қазақстан Республикасының құнды гендік қоры және ұлттық қазынасы болып табылатын өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің қырылуына, популяциясының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттерге жол берілмейді. 

2. Құнды табиғи гендік қор объектілері – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қатері төнген, эндемиялық және реликтік түрлерінің популяциясы, сондай-ақ селекцияда пайдаланылатын не болашақта селекция үшін әлеуетті ықтимал объектілер болып табылатын екпе өсімдіктердің және жануарлардың туыстастарын қоса алғанда, құнды агробиоәртүрлілік объектілері анықталған учаскелер заңнамада белгiленген тәртiппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлеріне, генетикалық резерваттарға және айналасына табиғи ресурстарды пайдаланудың ерекше шарттары бар қорғалатын не буферлiк аймақтар белгiленетін басқа да қорғалатын объектiлерге бөлінуі мүмкін. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілері табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесіне енгізілуі мүмкін, ал олардың өсіп-өну және мекендеу учаскелері, шоғырлану және көбею орындары, миграция жолдары өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерінің сақталуын, осы учаскелерді пайдаланудың ерекше режимін қамтамасыз ететіндей қорғауда болуға тиіс. 

Табиғи гендік қорды орналастыру учаскелерін карантиндік объектілер мен бөтен түрлерден қорғау қамтамасыз етілуге тиіс. 

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерін молықтыру және пайдалану аналық дара нұсқаларының сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдермен жүзеге асырылуға және осы салада ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде, сондай-ақ генетикалық ресурстарға қатысы бар ғылымның тиісті жетістіктерін, практиканы және дәстүрлі білімді пайдалану кезінде қабылданған әдеп талаптарына сай келуге тиіс.
Статья 1 ...264 265 266 267 268 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться