< ҚР Экологиялық кодексi

Ст. 27 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Экологиялық кодексi
27-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

1. Қоршаған ортаны қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган болып табылады. 

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган: 

1) осы Кодексте көзделген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; 

2) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыруы бөлігіндегі қызметін үйлестіруді жүргізу; 

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау; 

4) өз құзыреті шегінде осы Кодексте белгіленген экологиялық рұқсаттар беру; 

5) осы Кодексте көзделген жағдайларда, кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау; 

6) осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;  

7) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру; 

8) республикалық деңгейде маңызы бар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру; 

9) парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; 

10) Жердің озон қабатын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;  

11) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын келісу; 

12) қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 

12-1) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; 

13) өзіне осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау арқылы бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастырады және іске асырады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) – 7) тармақшаларында, сондай-ақ осы Кодекстің 7-тарауында көзделген функциялар мен өкілеттіктерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері арасында бөлуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...418
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться