Ст. 273 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
273-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру кезіндегі жалпы экологиялық талаптар
Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында қызметті жүзеге асыру кезінде мынадай экологиялық талаптар сақталуға тиіс: 1) авариялық-құтқару жұмыстарын қоспағанда, топырақты қазып алуға және басқа жерге апаруға байланысты жұмыстарға жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін арнайы рұқсат болған кезде жол беріледі;
2) құрылысжайларды салу, монтаждау және бөлшектеу ластағыш заттардың барлық түрін жинауды қамтамасыз ететін технологиялар пайдаланылған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін;
3) құрылыс жұмыстары мен өзге де жұмыстардың кез келген түрін жүргізу кезінде су ішінде және теңіз түбінде жару жұмыстарын пайдалануға тыйым салынады;
4) теңіз түбіндегі жару жұмыстары қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау және жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың рұқсаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;
5) суда жүзетін және су маңында жүретін құстардың ұя салатын жерлерін бұзуға, сондай-ақ бекіре балықтарының уылдырық шашатын жерлерге баруына бөгет жасауға тыйым салынады;
6) су тарту құрылысжайларын балық қорғау құрылғыларымен жарақтандырған кезде ғана теңізден су тартуға жол беріледі;
7) су тарту құрылысжайларында балық қорғау құрылғылары жұмысының тиімділігін үздіксіз бақылауға арналған техникалық құрылғылар орнатылуға тиіс;
8) қалдықтарды теңізге төгуге тыйым салынады;
9) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның рұқсаты бойынша төгілетін тазартылған сарқынды сулардың, оның ішінде салқындату және өрт сөндіру жүйелері суының, мұнайдан тазартылған теңіз суының, балласт сулардың шектеулі тізбесін қоспағанда, сарқынды суларды теңізге төгуге тыйым салынады;
10) бақылау тұстамасының шегінен тыс төгілу нәтижесіндегі судың температурасы соңғы үш жыл ішінде төгу кезеңіндегі судың орташа айлық температурасымен салыстырғанда бес градустан жоғары көтерілмеуге тиіс;
11) көлік маршруттары олардың теңіз сүтқоректілеріне, балықтар мен құстарға ықпалын болғызбайтындай немесе азайтатындай етіп таңдалуға тиіс;
12) арнайы талаптар қолданылатын аймақта жобаларда көзделмеген теміржолдарды, автомобиль жолдарын төсеуге, магистральдық құбыржолдарды тартуға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында және тереңдігі он метрден аспайтын жағалау маңындағы таяз сулы учаскелерде жұмыстарды жүргізу үшін өнімділігі жоғары су түбіндегі топтар мен уылдырық шашатын жерлердің сақталуын қамтамасыз ететін көлік құралдары пайдаланылуға тиіс. Қажет болған жағдайда, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу кезінде топырақ-өсімдік қабатының және сол жердегі биоценоздардың тұтастығын барынша аз дәрежеде бұзатын жалпақ шынжыртабанды, қысымы төмен шиналармен, ауа жастықшаларымен жүретін арнайы көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.
Лучшие юристы




Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей