Ст. 313 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
313-бап. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары, басым салалары және климаттың өзгеруіне бейімделудің негізгі қағидаттары
1. Климаттың өзгеруіне бейімделу адам денсаулығы, экологиялық жүйелер, қоғам және экономика үшін климаттың өзгеруі себебінен болатын қолайсыз салдарлар мен залалды болғызбау және оны азайту, климаттың өзгеруіне осалдықты төмендету, сондай-ақ климаттың өзгеруіне байланысты қолайлы мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік басқарудың мынадай: ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, орман шаруашылығы, азаматтық қорғау салалары климаттың өзгеруіне бейімделу үшін басым салалар болып табылады.
3. Климаттың өзгеруіне бейімделу процесі мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік жоспарларында климаттың өзгеруінің әсер етуін есепке алудың міндеттілігі;
2) басым салалардан бастап климаттың өзгеруіне бейімделу процесін іске асырудың кезеңділігі;
3) осы баптың 2-тармағында көрсетілген басым салалардың барлығын қамтитын климаттың өзгеруіне бейімделуге жергілікті атқарушы органдардың салааралық тәсілі;
4) климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша жүзеге асырылатын шаралар мен климаттың өзгеруінің қолайсыз әсер етуін төмендету арасында байланыстың болуы.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей