Ст. 311 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
311-бап. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу және оларды тұтыну жөніндегі қызметке қойылатын жалпы талаптар
1. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттармен жұмыс істеген кезде: 1) Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау туралы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес озонды бұзатын заттарды тұтынуды қысқартуға және оларды тұтынуды толық тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдауға;
2) осы Кодекстің және озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу қағидаларының талаптарын сақтауға;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талап етуі бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қолда бар озонды бұзатын заттар мен құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімді, сондай-ақ озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі құжаттаманы ұсынуға;
4) озонды бұзатын заттарды тұтынудың белгіленген лимиттерін асырмауға;
5) озонды бұзатын заттарды түгендеу қағидаларына және озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді және оларды тұтынуды есепке алу қағидаларына сәйкес озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді және оларды тұтынуды түгендеу мен есепке алуды жүргізуге;
6) оларды қауіпсіз пайдалануды, сақтауды, тасуды, рекуперациялауды, қалпына келтіруді, кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге;
7) кәдеге жарату, қалпына келтіру, рекуперациялау және (немесе) залалсыздандыру мақсатында озонды бұзатын заттарды жинау және оларды герметикалық ыдыста сақтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға міндетті.
2. Мыналарға:
1) жеке тұлғалардың озонды бұзатын заттарды жеке пайдалануы үшін (коммерциялық емес мақсатта) алып өтуіне;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген озонды бұзатын заттармен және құрамында озонды бұзатын заттар бар өніммен жұмыс істеуге, оларды кәдеге жаратуды, рециркуляциялауды және қалпына келтіруді (немесе) залалсыздандыруды қоспағанда;
3) озонды бұзатын заттардың технологиялық шығындарын қоспағанда, осындай заттарды жобалау, конструкторлық және өзге де техникалық құжаттамада белгіленген көлемде атмосфералық ауаға шығаруға;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу көзделетін технологияларды, жабдықтарды, заттар мен материалдарды пайдалана отырып, объектілерді жобалауға, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, кеңейтуге, жаңасын салуға, оларды кәдеге жаратуды, рециркуляциялауды және қалпына келтіруді (немесе) залалсыздандыруды қоспағанда, тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігі озонды бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салу енгізілген жағдайда қолданысқа енгізіледі.
3. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
22-тарау. КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 414-бап. Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық ҚР Экологиялық кодексi 108-бап. Экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу тәртібі ҚР Экологиялық кодексi 207-бап. Газ тазарту қондырғыларын пайдалану кезінде атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар ҚР Экологиялық кодексi 149-бап. Қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілін қолдану ҚР Экологиялық кодексi 138-бап. РемедиацияРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей