Ст. 320 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
320-бап. Қалдықтарды жинақтау
1. Қалдықтардың түзілуі немесе қалдықтарды түпкілікті қалпына келтіру немесе жою сәтіне дейін одан әрі басқару процесінде жүзеге асырылатын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде арнайы белгіленген орындарда қалдықтарды уақытша жинап қою қалдықтарды жинақтау деп түсініледі. 2. Қалдықтарды жинақтау орындары:
1) қалдықтарды жинау (мамандандырылған ұйымдарға беру) немесе осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды өз бетінше әкету күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімге қалдықтарды түзілген жерінде уақытша жинап қоюға;
2) пайдаланудан шыққан көлік құралдарын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, қауіпті емес қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіге оларды әкету күніне дейін үш айдан аспайтын мерзімге қауіпті емес қалдықтарды жинау процесінде уақытша жинап қоюға (контейнерлерде, қайта тиеу және сұрыптау станцияларында);
3) қалдықтар қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілгенге дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы қалдықтар қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларға ұшырайтын объектіде оларды уақытша жинап қоюға арналады.
Пайдаланудан шыққан көлік құралдары және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін оларды жинау процесінде уақытша жинап қою мерзімі алты айдан аспауға тиіс;
4) тау-кен өндіру және тау-кен қайта өңдеу өндірістерінің қалдықтарын, оның ішінде металлургия және химия-металлургия өндірістерінің қалдықтарын олар қалпына келтіруге немесе жоюға жіберілген күнге дейін он екі айдан аспайтын мерзімге түзілген жерінде уақытша жинап қоюға арналады.
3. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қалдықтарды арнайы белгіленген және жабдықталған жерлерде (алаңдарда, қоймаларда, көмбелерде, контейнерлерде және өзге де сақтау объектілерінде) ғана жинақтауға рұқсат етіледі.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімдерден асыра отырып және (немесе) қалдықтарды жинақтаудың белгіленген лимиттерінен (I және II санаттағы объектілер үшін) немесе қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияда көрсетілген қалдықтарды жинақтау көлемдерінен (III санаттағы объектілер үшін) асыра отырып, қалдықтарды жинақтауға тыйым салынады.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей