Ст. 357 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
357-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары ұғымы
1. Осы Кодексте тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары деп пайдалы қатты қазбаларды барлау, өндіру, өңдеу және сақтау процесінде түзілетін, оның ішінде аршылған, жанасқан жыныстар, шаң, кенеусіз (кондицияланбаған) кен, карьер және шахта суын механикалық тазалау тұнбасы, байыту қалдықтары мен шламдары түсініледі. Осы Кодекстің мақсаттары үшін пайдалы қатты қазбаларды өңдеу – олардан пайдалы құрамдастарды алу мақсатында, оның ішінде көлемін өзгерту (ұсақтау, ұнтақтау), сыныптау (сұрыптау), сепарациялау және сілтісіздендіру, байыту, сондай-ақ бұрын орналастырылған тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын қайтадан өңдеу арқылы пайдалы қатты қазбаларға қатысты қолданылатын механикалық, физикалық, биологиялық, термиялық немесе химиялық процестерді немесе олардың үйлесімін қамтиды, бірақ балқытуды, термиялық қайта өңдеу процестерін (әктасты күйдіруден басқа) және металлургиялық процестерді қамтымайды.
2. Энергетикалық өндірістердің қалдықтары (күл мен күлшлактар) осы Кодекстің мақсаттары үшін тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары деп танылмайды.
3. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару жөніндегі қатынастарға осы Кодекстің 23 және 24-тарауларының ережелері осы тараудың ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. Осы Кодекстің 25-тарауының талаптары тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын ұзақ мерзімді немесе тұрақты сақтау объектілеріне қолданылмайды.
4. Осы тараудың талаптары пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндіруді, өңдеуді және сақтауды жүргізу кезінде түзілетін, осындай операциялардың тікелей нәтижесі болып табылмайтын қалдықтарға қолданылмайды.
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей