Ст. 360 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
360-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қалдықтарды жинап қою объектісінің операторы қалдықтардың түзілуін, қалпына келтірілуін барынша азайту және жою үшін тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.
2. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы осы Кодекске сәйкес әзірленетін және бекітілетін ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі ақпараттық-техникалық анықтамалықтарға сәйкес ең үздік қолжетімді техникаларды пайдалану қажеттігі ескеріле отырып әзірленеді.
3. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасының мақсаттары:
1) қалдықтардың түзілуін және олардың қауіптілігін болғызбау немесе төмендету;
2) тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын қалпына келтіруді бұл экологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайларда қайта өңдеу, қайтадан пайдалану арқылы ынталандыру;
3) қысқа және ұзақ мерзімді перспективада қалдықтарды қауіпсіз жоюды, атап айтқанда:
жабылған қалдықтар жинап қою объектісін мониторингтеудің, бақылаудың және оларды басқарудың ең төмен деңгейін немесе оларға қажеттіліктің болмауын болжайтын;
қалдықтарды көмуден ұзақ мерзімді жағымсыз салдарларды болғызбауға немесе төмендетуге бағытталған;
бөгеттер мен жердің бетінен шығып тұратын үйінділердің ұзақ мерзімді геотехникалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жобалаудың тиісті нұсқасын таңдау арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
4. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы экологиялық рұқсаттың ажырамас бөлігі болып табылады және қалдықтарды жинап қою объектісін пайдалану шарттарында және (немесе) жинап қойылатын қалдықтардың түрінде, сипатында елеулі өзгерістер болған жағдайда әрбір бес жыл сайын қайта қарауға жатады. Өзгерістер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның бекітуіне жатады.
5. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын басқару бағдарламасы сатылық қағидатына сәйкес әзірленеді және түзілетін және (немесе) үшінші тұлғалардан алынатын қалдықтардың көлемі мен құрамы, оларды жинақтау, жинау, тасымалдау, залалсыздандыру, қалпына келтіру және жою тәсілдері туралы мәліметтерді, сондай-ақ қалдықтардың түзілуін қысқарту, оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін ұлғайту бойынша ұсынылатын шаралардың сипаттамасын қамтуға тиіс.
Лучшие юристы


Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей