< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

Ст. 816 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
816-бап. Пайда алушы

1. Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға.  

Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.  

Пайда алушы жеке де, мүлiктiк те сақтандыру бойынша тағайындала алады.  

Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленетін міндетті сақтандыру кезінде пайда алушы – Қазақстан Республикасының осы заңнамалық актісімен, жүктелген сақтандыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен не тараптардың келісімімен айқындалады. Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша пайда алушыны сақтанушы тағайындайды. 

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады. 

Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келiсiмi бойынша тағайындалады.  

Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады.  

3. Алып тасталды - ҚР 20.02.2006 № 128 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Алып тасталды - ҚР 18.12.2000 № 128 Заңымен (жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

5. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы Кодекстiң 815-бабында көзделген ережелер қолданылады.  

6. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады.  

Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағында көзделген зардап туындайды.  

7. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетiлмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп танылады.  

8. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу туралы талап қоюға құқылы.  

9. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.  

Ескерту. 816-бапқа өзгертулер енгізілді – ҚР 2000.12.18. № 128 Заңымен , 2006.02.20. № 128 Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 406 ...814 815 816 817 818 ...1124
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться