< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 140 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
140-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасы

1. Базалық жобалау құжаттарына және көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. 

2. Базалық жобалау құжаттарының және әзірлеу талдауларының мемлекеттік сараптамасын Қазақстан Республикасының көмірсутектер кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия (орталық комиссия) геология және әзірлеу саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады. 

Тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Жер қойнауын пайдалану саласындағы базалық жобалау құжаттарының және әзірлеме талдауларының тәуелсіз сараптамасына жер қойнауын пайдаланушы ақы төлейді. 

3. Орталық комиссия қызметін ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қазақстан Республикасының көмірсутек кен орындарын барлау және әзірлеу жөніндегі орталық комиссия туралы ережеде айқындалады. 

4. Барлау жұмыстарының жобасына (оған өзгерістер мен толықтыруларға) мемлекеттік сараптама, оны жер қойнауын пайдаланушыдан алған күннен бастап – екі ай ішінде, ал сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), игеру талдауларына үш ай ішінде жүргізіледі. 

Сынамалап пайдалану жобаларына, кен орнын әзірлеу жобаларына (оларға өзгерістер мен толықтыруларға), әзірлеу талдауларына мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссияның шешімі бойынша ұзартылуы, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұлғайтылуы мүмкін. 

5. Алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері орталық комиссияның отырысында тәуелсіз сараптаманың тиісті қорытындысымен базалық жобалау құжатын немесе игеру талдауын қарау арқылы айқындалады. 

8. Алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9. Жобалау құжаттарына немесе әзірлеуді талдауларға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі. 

10. Теріс сараптамалық қорытынды шығару үшін мыналар: 

1) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі;  

2) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың көмірсутек саласындағы уәкілетті орган бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға мазмұны, құрылымы және ресімделуі жағынан сәйкес келмеуі; 

3) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі; 

4) кен орнын әзірлеу жобасында ұсынылған барланған көмірсутек қорларының саны мен сапасы туралы ақпараттың анық болмауы; 

5) жобалау құжатында немесе игеруді талдауда ұсынылған жобалау шешімдерінің сапасын объективті бағалаудың мүмкін болмауы; 

6) сынамалап пайдалану жобасы үшін – геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысының болмауы; 

7) кен орнын игеру жобасы үшін – геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының болмауы негіз болып табылады. 

11. Жобалау құжатының немесе әзірлеу талдаулардың мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және базалық құжатты немесе әзірлеу талдауын пысықтау бойынша ұсынымдар келтіріледі. 

Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2019 № 297-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...138 139 140 141 142 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться