Ст. 48 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
48-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығына салынатын ауыртпалық
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынуы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасының заңдарында сенімгерлік басқаруға беру туралы талап белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығын сенімгерлік басқаруға беруге тыйым салынған.
3. Ауысуына осы Кодексте тыйым салынған жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) ауыртпалық салуға жол берілмейді.
4. Осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілі жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығын беретін тиісті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.
Осы тармақта көзделген жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесінің) кепілі мемлекеттік тіркеу күнінен бастап туындайды.
Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін тіркеу жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығынан (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестен) өндіріп алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалануға құқық (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес), жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер кепілінің, сондай-ақ кепіл нысанасы тұрғысынан өндіріп алудың ерекшеліктері осы Кодекстің Ерекше бөлігінде белгіленеді.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ОПЕРАТОР
Лучшие юристы
Қала ішінде фаркоппен жүру қаншалықты заңды? Фаркоп заңды түрде тех паспортта тіркелмеген.
Мен светофорда жасыл түске өтіп бара жатқанда, алдымдағы көлік солға бұрыламын деп резко тормоз беріп, мен сол көліктің фаркобына соғылдым. Мен дистанция сақтамағаныма келісемін, но фаркобтың тұрғаны дұрыс емес деп кейін естідім. Менде ущерб көп, ( решетка, бампер және бампердің төменгі бөлігі сынды, ал ол көліктің бамперінде кішкене царапина қалды. Мамандар жауап берсе ризашылығымды білдіремін.
Қай статья, қандай бап?
Қосымша білім беру ұйымдары, Білім бөлімінен балаларды сабақтан сұрауға сұраныс жіберсе, білім бөшімі сабақтан босатуға міндетті ме? сол туралы заң бар ма?
dobrii din, opridilenno daq
Здравствуйте! Положен ли штраф бухгалтеру в размере 100 МПР если она в декретном отпуске?
Добрый день! Подскажите согласно какой статье и какому пункту, на товары двойного назначения при оформлении СНТ должна ставиться живая печать налогового органа. Спасибо!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей