< Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы

Ст. 57 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
57-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілі

1. Жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда, банктік салым кепіліне орай Қазақстан Республикасының кепілге салынған банктік салым сомасынан, жер қойнауын пайдаланушының басқа кредиторлары алдында басымдықпен қанағаттандырылуға құқығы бар.  

2. Осы бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған банктік салым ғана кепіл нысанасы бола алады.  

3. Салым теңгемен немесе шетел валютасымен енгізілуі мүмкін.  

4. Қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымның мөлшеріне қойылатын талаптар осы Кодексте белгіленеді. 

5. Қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымды қайта кепілге қоюға тыйым салынады. 

6. Заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушының банкроттығын қоса алғанда, оны таратқан жағдайда кепіл нысанасы конкурстық массаға қосылмайды, ал кепіл ұстаушы жер қойнауын пайдаланушының өзге мүлкінің есебінен өз талаптарын қанағаттандыруға қатысатын кредитор болып табылмайды.  

7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде банктік салымның кепіл шарты үлгілік нысанға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жасалады. 

Банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын құзыретті орган бекітеді. 

Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...55 56 57 58 59 ...278
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?



8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная






Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться