< ҚР Салық кодексi

Ст. 3 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
3-бап. Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар

Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар: 

1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлестерінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан көп пайызы АХҚО органына тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлға. 

Жанама иелену АХҚО органына тікелей тиесілі басқа заңды тұлға арқылы АХҚО органының иеленуін білдіреді; 

2) банк ұйымы – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 

3) бейрезидент-заңды тұлға – тиімді басқару орны (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында орналасқан ұйымды қоспағанда, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым.  

Бейрезидент-заңды тұлға деп шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, әріптестік, ұйым немесе басқа корпоративтік құрылым да түсініледі, олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие не ие емес екендігіне қарамастан, дербес заңды тұлғалар ретінде қаралады; 

4) билік ету шектелген (кепілге салынған) мүлікті өткізу жөніндегі функциялары бар ұйым – уәкілетті орган айқындаған, салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы заңды тұлға; 

5) бұрын банк болған заңды тұлға – сот актісі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған, бұрын банк болып табылған заңды тұлға; 

6) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор; 

7) жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік, қандас немесе азаматтығы жоқ адам; 

8) жұмыскер: 

жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; 

мемлекеттік қызметші; 

мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, директорлар кеңесінің немесе салық төлеушінің жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі; 

қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің резидентке немесе қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге бейрезидентке персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 

9) заңды тұлға – резидент-заңды тұлға, бейрезидент-заңды тұлға; 

10) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік; 

11) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания – Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және (немесе) қызметтерді көрсететін бейрезидент-заңды тұлға; 

12) резидент-заңды тұлға – мыналардың: 

Қазақстан Республикасының; 

тиімді басқару орны (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым; 

13) салық агенті – осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен салық агенті деп танылатын жеке тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, интернет-платформа операторы; 

14) салық төлеуші – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі; 

15) салықтық мониторингте тұрған салық төлеуші – деңгейлес мониторингке қатысушы, ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы; 

16) тұлға – жеке тұлға, заңды тұлға; 

17) тіркеуші орган – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін және (немесе) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, оның ішінде: 

жылжымайтын мүлікке құқықтарды;  

жылжымалы мүлік кепілі мен кеме ипотекасын; 

радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды; 

ғарыш объектілері мен оларға құқықтарды; 

көлік құралдарын; 

дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды; 

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды; 

сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 

18) уәкілетті мемлекеттік органдар – салық органдары мен жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты, оның ішінде бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;  

19) уәкілетті орган – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 

20) ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы – уәкілетті орган бекіткен ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылар тізбесіне енгізілген салық төлеуші.
Статья 1 2 3 4 5 ...848
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?



Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.



5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....



Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.



Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться