< ҚР Салық кодексi

Ст. 317 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Салық кодексi
317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі – резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы тарауда, осы Кодекстің 36-тарауының 1-параграфында, 38-тарауында және 657-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді. 

1-1. Салық агенті бірыңғай төлем төлеушінің төлем көзінен салық салынуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды осы Кодекстің 89-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді. 

2. Резидент-жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 36-тарауының 2-параграфында, 39, 40 және 71-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. 

3. Бейрезидент-жеке тұлғаның кірістері бойынша осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 74-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. 

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 77-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. 

5. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі. 

6. Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушi осы Кодекстiң 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстiң 775-бабына сәйкес жүргiзiледi. 

Мұндай тұлға осы Кодекстің 71-тарауында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кірістер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.

Статья 1 ...315 316 317 318 319 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться