< ҚР Салық кодексi

Ст. 680 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2026

ҚР Салық кодексi
680-бап. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып табылмайтын сомалар мен төлемдер

1. Мыналар бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірісі болып танылмайды: 

1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бейрезиденттің кірісінен есептелген және салық агенті осындай табыс салығын ұстамай өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы; 

2) басқару органының (директорлар кеңесінің немесе өзге де органның) мүшелеріне резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты оларға жұмсалған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте: 

осындай шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат, сондай-ақ отырғызу талоны немесе жол жүру фактісін растайтын және тасымалдаушы берген өзге де құжат болған кезде электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты) негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және кері қайту жолына нақты жүргізілген шығыстар; 

осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген, бірақ шетелде іссапарларда жүрген мемлекеттік қызметшінің отельдерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар; 

осындай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының шегінде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша нақты жүргізілген шығыстар; 

күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде болған күнтізбелік әрбір күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы; 

күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған күнтізбелік әрбір күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы. Бұл ретте басқарушылық міндеттерді орындайтын орын тұрақты тұратын жерімен сәйкес келмеуге тиіс; 

3) бейрезидент-заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым түрінде алынған мүліктің құны, сондай-ақ бейрезидент-эмитент өзі шығарған акцияларды орналастырудан алған мүліктің құны; 

4) тауар беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген қызметтерді, орындалған жұмыстарды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар беруге байланысты төлемдер. 

Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға арналған шығыстар шартта (келісімшартта) сатып алынған тауарлар және (немесе) осындай шығыстар бойынша сомалар жеке бөлінбей енгізілсе, онда сатып алынған тауарлар құны осындай шығыстар ескеріле отырып, шартта (келісімшартта) көрсетілген мәміле бағасының негізінде айқындалады. 

Егер тауарларды беруге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптары бойынша мәміле бағасына Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерді көрсетуге, жұмыстарды орындауға шығыстар енгізілсе, бұл ретте сатып алынған тауарлар бойынша сома осындай шығыстардан жеке көрсетілсе, онда сатып алынған тауарлар бойынша құн осындай шығыстардың құны есепке алынбай айқындалады; 

5) мемлекеттік мекеменің бейрезидент-жеке тұлғалардың іс-шаралар өткізу (оның ішінде қабылдаулар, таныстырылымдар, отырыстар, конференциялар мен семинарлар) шеңберінде бюджетте (шығыстар сметасында) көзделген тұру, тамақтану, жол жүру, әуежайдың күту залдарында болуы, мәдени іс-шараларға баруы, виза рәсімдеуі және кәдесый өнімдерінің құны бойынша шығыстарына ақы төлеуі немесе оларды осындай шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде бейрезидент-жеке тұлғаларға өтеуі.
Статья 1 ...678 679 680 681 682 ...848
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если клиент оставил свои вещи и съехал, сколько хранить его вещи



Таким образом, выходит, что в П.5. речь не идёт о СОБСТВЕННИКАХ КВАРТИР…

Это элементарная невнимательность/безграмотность или данную формулировку можно трактовать БУКВАЛЬНО…???



Мне сейчас уже 54 года и у меня ещё ни разу не было отношений, ни разу !!!!

Ни как не получается познакомиться с женщиной, мне недавно предложили (СНЯТЬ) проститутку, но после того как я её повёл на квартиру произошла полицейская ОБЛАВА и нас с ней задержали сотрудники полиции и начали обвинять в СВОДНИЧЕСТВЕ, грозят при этом внушительным сроком, я тогда пытался объяснить этим БАЛБЕСАМ что мол у меня ни разу не было ЖЕНЩИНЫ, а они только смеются и говорят что мол это твои проблемы, как быть ???



у меня был евразийский. ходили в офис и писали на возврат. они были в шоке, обычно никто не просит, обычно возвращают если умер владелец, но вы же живы менеджер говорит , показала пункт в договоре они ходили долго совещались, походу сами не читали его никогда. писали заявление в 2-х экземплярах, один забрали с отметкой что они приняли и указали пункт в договоре страхования о том что имеем право запросить разницу при условии досрочного гашения авто кредита, и то оказывается мы должны были за месяц предупредить что хоти досрочно закрыть кредит. справку взяли в банка что не должны им. так что прочитайте договор страхования.




Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться