< ҚР Салық кодексi

Ст. 681 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Салық кодексi
681-бап. Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерiн қолданған кезде кірістерді айқындау тәртiбi

Ескерту. 681-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектiсi салықтық кезең үшiн алынған кіріс болып табылады. 

2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алуға жататын) кірістердің мынадай түрлерінен (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып): 

1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кірістен, оның ішінде мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан түскен кірістен; 

2) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кірістен; 

3) талап ету құқықтарын беруден түсетін кірістен; 

4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түскен кірістен; 

5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдардан, өсімпұлдан және басқа да санкция түрлерінен (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұстап қалып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа); 

6) шығындарды жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен алынған сомалардан; 

7) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуынан; 

8) кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусiз алынған мүлiк түрiндегi кірістен (қайырымдылық көмегiнен басқа); 

9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуінен; 

10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есепке жатқызылатын, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарынан тұрады. 

2-1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кірісі осы Кодекстің 227-1-бабында көзделген тәртіппен айқындалады. 

3. Шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кіріс мөлшерін: 

1) заңды тұлға – жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 7-бөліміне және осы бабының 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес; 

2) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды (бұдан әрі – бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасау) жүзеге асырмайтын дара кәсiпкер – осы Кодекстің 24-тарауына және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес; 

3) бухгалтерлiк есеп жүргізу мен қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асыратын дара кәсiпкер – осы Кодекстiң 226 – 240-баптарына және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес айқындайды. 

4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірісті алған кезде осы Кодекске сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілік ұсынуды жүргізеді. 

5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiнiң кірісі ретінде салық салу мақсатында: 

1) осындай мүлікті беретін салық төлеуші үшін – өтеусіз берілген мүлiктiң құны; 

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алынатын активтерді өткізу; 

3) егер осындай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда, дара кәсіпкер өтеусіз алған, оған жарнамалау мақсатында (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны; 

4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның, егер көрсетілген шығыстар мыналарға: 

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға; 

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге; 

тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жұмсалған жалға алу төлемақысына қосылмайтын болса, тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде шеккен шығыстары; 

5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұл мен айыппұлдардың сомасы қаралмайды. 

6) 01.01.2023 дейін қолданыста болды – ҚР 11.07.2022 № 135-VII Заңымен.

6. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады. 

Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер: 

1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған; 

2) мәміле шарттары өзгертілген; 

3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген; 

4) баға шегерістері, сату шегерістері; 

5) шарт талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген; 

6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмеген қызметті филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады. 

Осы тармақшада көзделген кірісті түзету: 

дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне кредитор салық төлеуші талап қоймаған; 

заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады. 

Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындағанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) – 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі. 

Кірістерді түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

Осы бапта көзделген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе сол кезеңде мөлшерін төмендету жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын кіріс түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

7. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда, көрсетілген кірістер кіріске бір рет қосылады. 

Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады. 

8. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:  

1) осы Кодекстiң 330, 331, 332, 333 және 334-баптарына сәйкес – мүлiктік кірістің; 

2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген: 

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкер – осы Кодекстің осы бабының 5, 6 және 7-тармақтарына және 682-бабына сәйкес; 

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыратын дара кәсіпкер – осы Кодекстің осы бабының 5, 6 және 7-тармақтарына және 226 – 240-баптарына сәйкес; 

3) осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес – осы тармақтың бірінші бөлімінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жеке тұлғалардың өзге де кірістерінің мөлшерін айқындайды. 

Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу және төлеу, олар бойынша салықтық есептілікті табыс ету: 

1) осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес – осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша жүргізіледі; 

2) мыналар бойынша: 

осы тараудың 2 және 2-1-параграфтарына сәйкес – патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер; 

осы тараудың 3-параграфына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген кірістер бойынша жүргізеді. 

Ескерту. 681-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2021 № 53-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 06.02.2023 № 196-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...679 680 681 682 683 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться