< ҚР Салық кодексi

Ст. 686-2 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

ҚР Салық кодексi
686-2-бап. Қолдану тәртібі

1. Осы Кодекстің 683-бабында шағын бизнес субъектілері үшін белгіленген шарттарға сәйкес келуден бөлек: 

1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 

2) қызметін өзіндік кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын; 

3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін: 

сылақ жұмыстарын; 

ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; 

еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; 

бояу және шынылау жұмыстарын; 

такси қызметін; 

автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды; 

сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; 

фотография саласындағы қызметті; 

аударма (ауызша және жазбаша) ісін; 

мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды; 

көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды; 

ойын-сауық және спорттық мүкәммалды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді); 

бейнежазбалар мен дискілерді прокаттауды; 

өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокаттауды және мүліктік жалдауды (жалға беруді); 

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды; 

есептеуіш техниканы қоса алғанда, офис машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруды; 

спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; 

мәдениет саласында көрсетілетін білім беру қызметтерін; 

өзге де білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді; 

қосалқы білім беру қызметтерін; 

өнер саласындағы қызметті; 

компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді; 

коммуникациялық жабдықты жөндеуді; 

жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді; 

шаштараз қызметтерін; 

маникюрді және педикюрді; 

ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді; 

жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді; 

тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді; 

базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; 

музыкалық аспаптар жасауды және жөндеуді; 

үй жануарларын бағуды; 

пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізуді жүзеге асыратын; 

4) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын дара кәсіпкерлер арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдануға құқылы. 

2. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимі таңдалған күн арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану басталған күн деп есептеледі. 

3. Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимдеріне немесе жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауысқан кезде қолданылатын салық салу режимі туралы тиісті хабарлама ұсынылған айдың соңғы күні режимнің аяқталған күні болып табылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2024 № 105-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 686-2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.03.2023 № 213-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

686-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 01.07.2024 № 105-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...686 686‑1 686‑2 686‑3 687 ...780
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192




Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?



здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.



Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться