< Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы

Ст. 2 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заңның күшi:

дара кәсiпкерлерге;

заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.

2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:

1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын;

2) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған;

3) табиғи монополиялар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізу (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген шарттардың біріне сәйкес келмеген кезде дара кәсіпкер осындай сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асыруға міндетті.

Осы тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу туралы дербес шешім қабылдаған дара кәсіпкер мұндай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап мұндай есепті жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар қаржылық есептілік жасауды ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.

3-1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасайды.

4. Iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жария мүдделi ұйымдар қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға мiндеттi.

Қаржы ұйымдары бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Арнайы қаржы компаниялары мен ислам арнайы қаржы компаниялары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді және бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жасауды халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

5. Есептік саясатты бекіткен басшы органдардың шешімі бойынша:

1) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға немесе шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасауға құқылы;

2) осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 467-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2021 № 52-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться