< Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы

Ст. 36 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
36-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері

1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде: 

1) мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алуға; 

2) мемлекеттік аудиттің міндеттері мен нысанасына сәйкес аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты осы Заңда белгіленген мерзімдерде сұратуға және алуға; 

3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілер мен құжаттарды сұратуға; 

4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді беруді, сондай-ақ құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған қажетті көшірмелерін талап етуге; 

5) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасауға; 

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 

2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге; 

3) бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға; 

4) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізуге; 

5) қызметтік және кәсіптік әдеп талаптарын сақтауға; 

6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктер беруге; 

7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге; 

8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға; 

9) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге; 

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 

3. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады. 

Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...34 35 36 36‑1 37 ...62
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться