Ст. 67 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
67-бап. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің негізгі міндеттері: 1) ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру;
2) ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті міндетті түрде құру көзделген ұйымдар мен объектілердің, сондай-ақ елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құру немесе жұмыс істеп тұрған мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтермен қызмет көрсетуге шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз жұмысын осы Заңға және өртке қарсы қызмет жұмысын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет субъектілері өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеттерді орындауда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына жәрдем көрсетуге міндетті.
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа он сегіз жасқа толған және арнайы даярлық пен оқу курсынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған, психикасының бұзылуы салдарынан жарамсыз деп танылған адамдар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылдана алмайды.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өз жұмыскерлерін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген нормалар бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етуге міндетті.
5. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет өрт сөндіру техникасы, өрт сөндіру-техникалық құрал-сайманы мен жабдығы бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген тиесілік нормаларына сай болуға тиіс.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей