Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 69 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.09.2023

Азаматтық қорғау туралы
69-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік техникалық регламенттерде, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, нұсқаулықтарда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға бағытталған. 

2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, міндетті болып табылатын өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын белгiлеу және орындау; 

2) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін технологияларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға жол беру; 

3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қауіпті техникалық құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беру; 

4) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң өнеркәсіптік қауiпсiздiгiн декларациялау; 

5) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк бақылау; 

6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк сараптамасы; 

7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау; 

8) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мониторингі; 

9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуі; 

10) ұлттық стандарттарға сәйкес лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды жүргізу; 

11) қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру арқылы қамтамасыз етiледi. 

Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...109

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Нотариус является плательщиком НДС, обязан ли выписывать ЭСФ?


Добрый день, какой срок исковой давности при проверке антимонопольного коммитета? Нам пришло постановление на ИП с 2018 г., она на упрощенке и бухучет не велся, многие документы потеряны. как быть?


Здравствуйте. В статье 135. «Вахтовый метод работы» ТК РК сказано, что вахтой считается период, включающий время выполнения работ на объекте и время междусменного отдыха.

В пункте 1 статьи 208 написано, что работник при донации крови в рабочие дни освобождается от работы с сохранением средней заработной платы, а в 3-ем пункте этой же статьи говориться, что , если по соглашению с работодателем работник, являющийся донором, в дни донации крови и (или) ее компонентов приступил к работе, ему предоставляется по его желанию другой день отдыха с сохранением за ним средней заработной платы либо этот день может быть присоединен к ежегодному трудовому отпуску.

Значит ли это что вслучае донации в период междусменного отдыха работник в праве получить второй оплачиваемый день отпуска, помимо дня оговоренного в пункте 2 статьи 208.


сігу керек


Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?  


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться