< Азаматтық қорғау туралы

Ст. 70 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Азаматтық қорғау туралы
70-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері

Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері: 

1) мынадай қауіпті заттардың ең болмағанда біреуін: 

иондаушы сәулелену көзін; 

тұтанғыш затты – қалыпты қысымда және ауамен араласқан кезде тұтанғыш болатын және қалыпты қысым кезінде қайнау температурасы 20 немесе одан төмен Цельсий градусы болатын газды; 

жарылғыш затты – сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп және газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгеріске ұшырай алатын затты; 

жанғыш затты – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен жана алатын және оны алып тастағаннан кейін де өздігінен жанатын сұйықтықты, газды; 

тотықтандырғыш затты – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын затты; 

уытты затты – тірі организмдерге әсер еткен кезде олардың өліміне әкеп соқтыра алатын және мынадай сипаттамалары бар: 

асқазанға енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы - бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейінгі; 

теріге жаққан кезде өлтіретін орташа дозасы – бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейінгі; 

ауадағы өлтіретін орташа концентрациясы – бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейінгі затты; 

жоғары уытты затты – тірі организмдерге әсер еткен кезде олардың өліміне әкеп соқтыра алатын және мынадай сипаттамалары бар: 

асқазанға енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы – бір килограмм салмаққа 15 миллиграмнан аспайтын; 

теріге жаққан кезде өлтіретін орташа дозасы – бір килограмм салмаққа 50 миллиграмнан аспайтын; 

ауадағы өлтіретін орташа концентрациясы – бір литрге 0,5 миллиграмнан аспайтын затты; 

қоршаған ортаға қауіп төндіретін, оның ішінде судағы ортада мынадай өте уытты көрсеткіштермен сипатталатын: 

балыққа тоқсан алты сағат бойы ингаляциялық әсер еткен кезде өлтіретін орташа дозасы – бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын; 

дафнияға қырық сегіз сағат бойы әсер еткен кезде белгілі әсер тудыратын удың орташа концентрациясы – бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын; 

балдырларға жетпіс екі сағат бойы әсер еткен кезде баяулататын орташа концентрациясы – бір литрге 10 миллиграмнан аспайтын затты өндіру, пайдалану, қайта өңдеу, түзу, сақтау, тасымалдау (құбыржолдық), жою; 

2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларын өндіру; 

3) кең таралған пайдалы қазбаларды геологиялық барлауды және оларды бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбей өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарын қоспағанда, тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды, жерасты жағдайларында жұмыстарды жүргізу болып табылады. 

Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...68 69 70 71 72 ...109
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться