< Азаматтық қорғау туралы

Ст. 76 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

Азаматтық қорғау туралы
76-бап. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға қауіпті өндірістік объектілерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады. 

2. Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсiптiк қауiпсiздiк декларациясы (бұдан әрi – декларация) жобаланатын және жұмыс істеп тұрған қауіпті өндірістік объектілер үшін әзірленеді. 

3. Декларация әзiрлеудi қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым дербес жүзеге асырады. 

4. Декларацияны қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы бекiтедi. 

Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйымның басшысы декларацияның уақтылы ұсынылуына, онда қамтылған мәлiметтердiң толықтығына және анықтығына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

5. Алып тасталды - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Декларацияға тіркеу шифрын беруге арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады. 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады. 

7. Қауiптi өндірістік объектiнi өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген декларациясыз пайдалануға тыйым салынады. 

8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

9. Қауіпті өндірістік объектіні жаңғырту немесе қайта бейіндеу жағдайларын қоса алғанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда, декларация өзгертілуге жатады. 

Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта тіркелуге жатады. 

Ескерту. 76-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...74 75 76 77 78 ...109
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192




Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?



здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.



Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться