< Коллекторлық қызмет туралы

Ст. 11 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

Коллекторлық қызмет туралы
11-бап. Коллекторлық қызмет құпиясы

1. Коллекторлық қызмет құпиясы коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде креди торға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талап тары туралы кез келген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді қамтиды. 

2. Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясы борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде - банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн. 

3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер: 

1) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық iстер бойынша, мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негiзiнде; 

2) соттарға: олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша, сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде;  

3) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша, сот орындаушысының прокурор санкциялаған, әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған қаулысы негізінде; 

4) прокурорға: оның қарауында жатқан материал бойынша, өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде; 

5) мемлекеттік кіріс органдарына: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, нұсқама негізінде; 

6) борышкердің өкілдеріне: нотариат куәландырған сенімхат негізінде; 

7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін, прокурордың санкциясымен; 

8) уәкілетті органға: коллекторлық агенттіктердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша; 

9) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органға: "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдерді қолдану туралы арыз берген азаматқа қатысты сұрау салу негізінде осындай сұрау салу берілгенге дейінгі үш жыл ішіндегі кезең үшін; 

10) қаржы басқарушысына: төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған азаматқа қатысты сұрау салу негізінде прокурордың санкциясымен беріледі. Өкілеттіктерді растау мақсатында сұрау салуға соттың рәсімді қолдану туралы іс қозғау жөніндегі ұйғарымы қоса беріледі. 

4. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндет темелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешек, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер осы баптың 3-тармағында көзделген тұлғалардан басқа, сондай-ақ жазбаша сұрау салу негізінде: 

1) борышкер өсиетте көрсеткен тұлғаларға;  

2) нотариустарға: өздерінің іс жүргiзуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша нотариустың сұрау салуы негiзiнде; 

3) шетелдік консулдық мекемелерге: олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша беріледі.  

5. Мыналар:  

1) коллекторлық агенттіктердің "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроларға ақпарат беруі және кредиттік бюролардың берешек бөлігінде борышкер туралы ақпарат беруі; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу; 

3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдар ретінде коллекторлық қызмет құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы коллекторлық қызмет құпиясын ашу болып табылмайды. 

Коллекторлық қызметтің құпиясы банк және (немесе) микроқаржы омбудсмандарына оның қарауында жатқан, жеке тұлғалардың ол бойынша міндеттемелер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында немесе "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға берілген банктік қарыз шартынан немесе микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін. 

6. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтерге қол жеткізген коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ өзге де тұлғалар көрсетілген мәлiметтердi жария еткенi немесе заңсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...22
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда




Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка



Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены



Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться