< Концессиялар туралы

Ст. 18-1 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Концессиялар туралы
18-1-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қамтамасыз ету

Ескерту. 18-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Әлеуетті концессионер: 

1) өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін осындай конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына; 

2) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 

3) өзін конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп анықтаған жағдайда концессия шартын жасасатынына кепілдік ретінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді. 

2. Конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі. 

Концессия шарты бойынша болжамды инвестициялар құны конкурстық (аукциондық) құжаттамада айқындалады. 

3. Әлеуетті концессионер екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) бірінші кезеңіне қатысып отырған болса, ол конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді. 

4. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін: 

1) мемлекеттік орган болып табылатын конкурстарды (аукциондарды) ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақша жарнасын; 

2) банк кепілдігін таңдауға құқылы. 

Әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін оның енгізілген кепілдік ақша жарнасына толықтай не оның бір бөлігіне үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. 

Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген іс-әрекеттерді қоспағанда, әлеуетті концессионер енгізген кепілдік ақша жарнасын конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының пайдалануына жол берілмейді. 

5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:  

1) әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық (аукциондық) өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған; 

2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарған жағдайда қайтармайды. 

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады. 

7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған: 

1) осы әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алған; 

2) конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды; 

3) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды; 

4) концессия шарты күшіне енген;  

5) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. 

Ескерту. 3-тарау 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 18‑1 18‑2 19 ...29
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться