< Магистральдық құбыр туралы

Ст. 6 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

Магистральдық құбыр туралы
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) магистральдық құбыр саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

3) өнім түрлері бойынша ұлттық операторлар туралы ережелерді әзірлейді;

4) магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларын және магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

5) магистральдық құбырларды күзетуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

6) магистральдық құбыр саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді;

6-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;

6-2) магистральдық құбыр салу туралы шешім қабылдайды;

6-3) өнім түрлері бойынша ұлттық операторларды айқындайды, сондай-ақ олар туралы ережелерді бекітеді;

7) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

8) жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

9) мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесін жасау тәртібіне сәйкес мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесін бекітеді;

10) өз құзыреті шегінде магистральдық құбыр саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекітеді;

11) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

12) өнім сапасы банкін қолдану қағидаларын бекітеді;

13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться